Ғани Қалиханұлы Омаров 1986-1992 жылдары ҚазҰУ-нің тарих факультетінің тарих бөлімін тарих және қоғам тану пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша оқып, бітіріп шықты. 1989 жылдан 1993 жылға дейін ҚазМУ-дің тарих факультетінде аға инженер, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды. 1995-1998 жж. әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің тарих факультеті археология және этнология кафедрасында аспирантураның күндізгі бөлімінде оқып бітірді. Негізгі зерттеу тақырыбы - Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуір археологиясы. 1989 жылдан Тарбағатай теріскейі мен Алтайдың қола, ерте темір, түркі дәуірі ескерткіштерін зерттеумен айналысуда. Халықаралық алқалы конференцияларда баяндамалар жасаған, Қазақ-француз-итальян, Қазақ-Ресей археологиялық экспедицияларының мүшесі. Сексеннен аса ғылыми мақалалардың, оқу-әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 5 халықаралық конференция материалдары жинағында жарияланған. «Тарих» мамандығы бойынша 30-дан астам типтік бағдарламалардың авторларының бірі. 2010 жылдың 11 қарашасында «Алтай – Тарбағатай аралығындағы ерте темір дәуірінің археологиялық ескерткіштері (кезеңделуі, мерзімделуі және мәдени атрибуциясы)» тақырыбында профессор Ә.Т. Төлеубаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғады. 1993 жылдан осы жоғарғы оқу орнының Археология және этнология кафедрасында дәріс беруде. 2002 жылдан осы уақытқа дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, тарих факультеті Археология және этнология кафедрасының аға оқытушысы, доцент қызметін атқарып келеді.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Жоғары
1992

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
31.03.2011

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
қауымдастырылған профессор (доцент)
01.01.2001
Мемлекеттік сыйлықақылар
Сыйлықақылар атауы Берілген күні
Ы.Алтынсарин төсбелгісі